Гибридті лазер HALO + BBL HEROic
HALO + BBL HEROic моделі
BBL HEROic - бұл параметрлерді интеллектуалды түрде таңдау жүйесі бар жаңа буын кең жолақты жарықтың озық технологиясы, ол HALO + BBL гибридті платформасына кіріктірілген.
Платформа туралы
Жасару платформасының бұл біріктірілген түрі эстетикалық медицинадағы ең қуатты платформалардың бірі болып саналады, өйткені ол тері сапасымен, оның құрылымы және түсімен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, осылайша хирургиясыз айқын әрі кешенді anti-age нәтиже қамтамасыз етеді.
Процедура тері тонын біркелкілеуге, пигментация мен қан тамырлық өзгерістерді жоюға, сондай-ақ жасушалардың жаңаруы мен коллаген өндірілуін ынталандыру есебінен тері сапасын жақсартуға бағытталған.
Әсер ету механизмі
Жүйе екі технологияны үйлестіреді:
HALO (гибридті лазер)
- абляциялық (2940 нм) және абляциялық емес (1470 нм) толқын ұзындықтарының үйлесімі
- эпидермис пен дермаға бір мезгілде әсер ету
- регенерация мен коллаген синтезін іске қосатын микрозоналық зақымдану жасау
BBL HEROic (BroadBand Light)
- кең жолақты импульстік жарық (жаңа буын IPL)
- пигментпен, қан тамырларымен, безеумен және фотоқартаюмен жұмыс
- энергияны біркелкі жеткізу және өңдеудің жоғары жылдамдығы
Үйлесімде технологиялар бір-бірін күшейтеді: HALO теpi құрылымын жаңартады, ал BBL түсін біркелкілеп, беткі ақауларды жояды.
Жүргізілетін процедуралар
- Лазерлік жасару (face rejuvenation)
- Пигментацияны, фотоқартаюды және теріnің күңгірт түсін емдеу
- Қан тамырлық ақаулар мен қызаруларды жою
- Әжімдер мен тері текстурасын түзету
- Безеу мен постакнені емдеу
- Тері тығыздығын жақсарту және лифтинг
- Қажетсіз түкті жою (BBL режимі)